Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады

Алматыда бірнеше күн бойы толассыз жаңбыр жауады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

24-28 сәуір аралығында Алматы қаласында толассыз жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, жауын-шашын кезінде мотопомпа, шанц құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада кезекшілікке шығады, 2,5 мың қап құм дайындалады.

"Күндіз жауын-шашын кезінде барлығы 465 арнайы техника, 28 мотопомпа және 810 жұмысшы, ал түнгі уақытта 236 арнайы техника және 215 жұмысшы жұмылдырылады", - деп жазылған хабарламада.

Су басудың алдын алу үшін 320 жұмысшы мен 92  арнайы техника арық желілерін, арық өткелдерін тазалау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізеді. Күн сайын арықтан 250 текше метр лай және кездейсоқ қоқыс шығарылады.

"Қала тұрғындары мен қонақтарына тауға бармауын сұраймыз. Су тасқынының алдын алу үшін тұрғындардан арық пен каналды қоқысқа толтырып, бітеп тастамауға шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова