"Асылдың сынығы". Тәуекел Мүсілім әкесіне еске алу асын берді

Танымал актер Тәуекел Мүсілім әкесіне арнап, ас өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Актер әкесі Сабыр Мүслімұлына арнап, қазақ күресінен Түркістан облысында ашық турнир өткізген. 

"Жатқан жеріңіз жайлы болсын, Әке" деп жазды актер.

Желі қолданушылары "артынан жақсы іс жасап журген,сіздердей ұрпағы бар әкеңіз разы деп білемін", "ер есімі ел аузынынан өшпеген әкеңізге оқытылған құраныңыз қабыл болсын", "жарыс керемет өтті, Алла разы болсын", "не деген керемет", "еске алып жатқан ұрпақтарына мың алғыс", "асылдың сынығы ғой" деп жазды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!