Тұрғындар сасық иістен тұншықты: алматылық ер адам үйін қоқысқа толтырып алған

Алматылық тұрғын пәтерін қоқысқа толтырып тастаған. Сасық иіске тұншыққан ер адамның көршілері полицияға арызданғанымен шенеуніктер әзірге ештеңе істей алмай отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде тарағаннан кейін әкімдік және полиция қызметкерлері пәтерге келген. 

"Алғашқы қоңырау 17 сәуірде түскен. Тұрғындар сасық иіс пен антисанитария екенін айтып шағымданған. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы барып, бастапқы материалдарды жинады. Бұл пәтердің тұрғыны заңды талаптарды орындаудан бас тартқандықтан, бүгін аталған мекенжайға комиссия ұйымдастырылды. Алайда ер адам пәтер есігін ашпады", - дейді ПД өкілдері. 

Қазіргі таңда Әуезов ауданы әкімдігінің қызметкерлері тұрғындардың пәтерді тазалап, заңға сәйкес шара қолдану мүмкіндігін алу үшін арызын қабылдады.

"Пәтер иесі есігін ашпағандықтан сот шешімін күту керек. Себебі есікті өздігімізден қиратып, кіре алмаймыз", - дейді полицейлер. 

Әкімдік мәліметінше, 59 жастағы ер адам жалғыз тұрады. Оның туыстары болғанымен олармен араласпайтын көрінеді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!