Түркістан облысында оқушы зорланған: күдікті - кәмелетке толмаған бала

Түркістан облысында оқушы зорланған: күдікті - кәмелетке толмаған бала
Фото: elements.envato.com

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы ауылдардың бірінде мектеп жасындағы қызды зорлады деген күдікпен кәмелет жасқа толмаған бала ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция Төлеби ауданындағы кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық сипаттағы заңсыз әрекет фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.

"Сараптама тағайындаумен қатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Барлық жағдайлар анықталып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.

Іс Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде 10-сынып оқушысы 9-сыныпта оқитын оқушы қызды зорлағаны туралы ақпарат тарай бастаған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина