Маңғыстауда мүгедектігі бар адамдар қайыр сұрауға мәжбүр болған

Маңғыстауда мүгедектігі бар адамдар қайыр сұрауға мәжбүр болған
Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Маңғыстауда мүгедектігі бар адамдар қайыр сұрауға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кедергісіз қала" пилоттық жобасын іске асыру аясында Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады. 

Аталған заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, оның нәтижесімен 22 сәуірде Ақтау қаласының аумағында құқық бұзушылық жасауға қатысы бар тұлғалар ұсталды.

Бұл факті бойынша полиция департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабының 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина