Абай облысында 15 жастағы мотоциклші полицейлерден қашып, жарыс ұйымдастырған

Абай облысында 15 жастағы мотоциклші полицейлерден қашып, жарыс ұйымдастырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға кеше түнде облыс орталығының шетінде болған. Патрульшілер мотоциклшінің жоғары жылдамдықпен жүргенін байқаған. Сондай-ақ, көлікте нөмірлік белгілер болған жоқ.

Мотоцикл жүргізушісі түнгі қалада жарыс ұйымдастыруға бел буған. Кейін полицейлер оны тоқтатып, заңды өкілдеріне берілді.

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы сағат 23:00-ден кейін оның үйден тыс жерде болғаны үшін жауапқа тартылады. Сонымен қатар, көлік айыппұл тұрағына қойылды.

Жасөспірімнің мінез-құлқы Семей қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!