Залал - 10 миллион теңге: Көкшетауда қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Көкшетауда қаржы пирамидасының басшылары сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысының прокуратурасы мәліметінше, Көкшетауда "Eolus" қаржы пирамидасын құрған және басқарған, сондай-ақ, оны жарнамалаумен айналысқан екі қала тұрғынына қатысты үкім шықты.

"И және X "жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз" деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында "Eolus" қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны анықталды. Салымшылардың қаражаты криптовалютаға аударылып, "energyeolus.info" платформасына аударылды. Залал сомасы шамашен 10 миллион теңге болады", - деп жазылған хабарламада.

Сот үкімімен екі адам кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге мүлкі тәркіленіп, қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, тиісінше 4 жыл және 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!