Павлодарда жол-көлік оқиғасының салдарынан жолға 20 тоннаға жуық битум төгілді

Павлодарда жол-көлік оқиғасының салдарынан жолға 20 тоннаға жуық битум төгілді
Фото: Әлеуметтік желі / vse.obovseh.pvl

Павлодарда битумтасығыш аударылды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп, жол учаскесін қоршады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Kazinform" сілтеме жасап.

Оқиға орнындағы 260 шаршы метрге битум төгілді. Жүргізушіге жағдайы жақсы.

"Сағат 19:15-те "112" нөміріне алюминий зауытының жанындағы автожолда жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама келді. Сұйық битумды тасымалдаған КамАЗ аударылып, салдарынан ол жолға төгілген. Оқиға орнына ГПС - алюминий зауытының өрт сөндіру бөлімі шықты. Учаскеде 260 шаршы метр аумақта шамамен 19,5 тонна сұйық битум төгілген. Битум төгілген жер аумағына көбік шашылды. ТЖД күштері мен құралдары қажет болған жағдайда көбік шашу үшін оқиға орнында қалды. Оқиға орны қоршалған. Трамвай қозғалысы тоқтатылды", - деп хабарлады өңірлік ТЖ департаменті.

Оқиға орнына битумтасығышты көтеру үшін автокран келді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә