Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты, тағы біреуі жансақтауда жатыр

Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тапты, тағы біреуі жансақтауда жатыр
Фото: otyrar.kz

Шымкентте екі көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты, екінші жүргізуші жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

23 сәуір күні күндіз Шымкенттегі Жиделбайсын көшесінде Mercedes-Benz және Daewoo Nexia көліктері соқтығысты.

Жүргізушілердің бірі (алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes) алдындағы көлікті басып озып бара жатқан. Сол уақытта ол қарсы жолаққа шығып кеткен. Алайда кейін ол көліктің тізгініне ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан көлікпен соқтығысқан.

Mercedes-Benz көлігінің 26 жастағы жүргізушісі аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол ес-түссіз жатыр.

Екінші — Nexia көлігінің 49 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Жиделбайсын көшесінде болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.

Көліктер арнайы тұраққа қойылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан