"Тағы екіқабатсыз ба?" Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан танымал блогер қуанышты жаңалығын бөлісті

"Тағы екіқабатсыз ба?" Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан танымал блогер қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/merekusha.k

Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан танымал блогер Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер 9 баласы бар жалғызбасты анаға баспана сыйлады. 

"Күштіі жаңалығым бар.
Алла разы болсын.

Бүгінгі күннің ең күшті жаңалығы - бұйыртса 9 баланың анасы үй аламыз. Бір миллион жетпей тұр, кейбір блогерлер мені лақтырды, бірақ қайырлысы, ол миллион теңгені мен Арсеннен сындырамын. Барлығы алла разылығы үшін, бәрі өзіміз үшін. Садақа деген адамның жолын ашатын, бүкіл арманның орындалуына себепші болатын нәрсе. Оны да бере алатын адам ғана береді екен ғой. Барша атсалысқан адамдарға алла разы болсын", - дейді ол. 

Алайда блогер алдымен жақсы жаңалығы туралы хабарлағанда оқырмандары оны жүкті деп болжаған.

"Екіқабатпын демеші", "Тағы екіқабатсыз ба?", - деп жазған олар. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 23 күні туған адамдар қандай болады?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!-

Б. Жұмаділлә