Атырауда жауған үлкендігі грек жаңғағынан кем емес бұршақ жұртты шошытты

Атырауда аяқ астынан бұршақ жауды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Бүгін, 23 сәуірде сағат 19:00 шамасында күн күрт құбылып, аспаннан бұршақ жауып кетті.

Санаулы минуттардың ішінде үлкендігі грек жаңғағынан кем емес мұз түйіршіктер көшедегі көліктерге де өз зардабын тигізіп үлгерген. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!