8 сәуірде болған Күннің тұтылуы қолдан жасалғаны рас па?

8 сәуірде болған Күннің тұтылуы қолдан жасалғаны рас па?
Фото: stopfake.kz

2024 жылғы 8 сәуірде Күннің толық тұтылуы болғаннан кейін, әлеуметтік желілерде осы құбылысқа қатысты түрлі фейктер таралды. Желіде Күннің тұтылу болған жоқ деп мәлімдеген қолданушының видеосы пайда болды. Оның айтуынша, бәрі ойдан шығарылған, алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап. 

Ғалымдар күннің неге тұтылатынын түсіндірген. Бұл бұрыштық өлшемдері бірдей болғандықтан Ай мен Күннің бірдей келуіне байланысты болады. Күн Айдан шамамен 400 есе кең, сондай-ақ, адамнан шамамен 400 есе алыс. Сондықтан Жерден қарағанда олар аспанда көлемі жағынан бірдей болып көрінеді. Нәтижесінде Күн толық тұтылғанда Ай оны толық тасалайды.

2024 жылғы 8 сәуірде болған таңғажайып табиғи құбылысты Мексика, АҚШ-тың 15 штаты мен Канаданың оңтүстік-шығысындағы тұрғындар тамашалай алды. Күннің толық тұтылуының суреттері мен видеоларын әлемнің көптеген желілік БАҚ-тарынан көруге болады.

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарманың (NASA) сайтында 8 сәуірде болған Күннің толық тұтылуы туралы ақпарат көп. Сондай-ақ олар Күннің тұтылуын тікелей эфирде көрсеткен.

Айта кетейік, Күннің толық тұтылуы соңғы рет 2017 жылғы 21 тамызда болды. Келесі осындай құбылысты адамзат 2026 жылғы 12 тамызда көре алады.

Көптеген елдердің фактчекерлері Күн тұтылғанға дейін және одан кейін түрлі қауесеттерді жоққа шығарды. Мәселен, Жер, Ай және Күн теңеспегені, ғалымдардың әлі күнге дейін тұтылудың қалай болатынын түсіндіре алмайтыны туралы хабарламалар болды. USA Today шындықты жеткізу үшін оқырмандар назарына ең көп таралған 8 фейкті ұсынды. Жалған суреттер де жасалған.

Күннің толық тұтылуы - бұл ерекше құбылыс. Ғалымдар оның не себепті болатынын анықтаған және алдағы уақытта қашан болатынын болжай алады. Демек, Күннің тұтылуы қолдан жасалғаны туралы ақпарат - фейк.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек