Темекі шегіп отырғанда матрац өртенген: Арқалықта бір адам ауыр жағдайда ауруханаға түсті

Арқалықта пәтер өртенді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, 23 сәуірде сағат 08:32-де Қостанай облысы Арқалық қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт шыққан.

"Темекі шегу кезінде абайсызда матрац пен еден өртенген", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Түтін басқан бөлмеден 4 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылған. 3 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

1945 жылы туған ер адам түтіннен уланып, ауруханаға жатқызылды, оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Өртті құтқарушылар сағат 08:52-де сөндірді.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 9 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!