Қызылорда облысында ер адам ауласында марихуана өндірген

Қызылорда облысында ер адам ауласында марихуана өндірген
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Қызылорда облысында үй ауласындағы жылыжайда сора өсірген тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қызылорда облысында 3 айда 45 есірткі қылмысы тіркелді, оның ішінде өсіру бойынша 1, өткізу бойынша 7, аса ірі көлемде сақтау бойынша 1, жарнамалау бойынша 1 дерек болған. Заңсыз айналымнан 2 келіге жуық есірткі алынған, оның ішінде 24,812 грамм синтетикалық есірткі заттары тәркіленді. Есепті мерзімде есірткі қылмысын жасағаны үшін 154 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында үй ауласындағы жылыжайда сора өсіріп, марихуана өндірген қала тұрғыны ұсталды. Фитозертхана анықталып, тінту барысында 214 түп сора өсімдігі, 5 келіден аса марихуана және гашиш табылды.

Есірткінің синтетикалық түрін анықтау мақсатында жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде меф және a-PVP синтетикасын аса ірі мөлшерде тасымалдаудың екі дерегі анықталып, Қызылорда, Ақмола және Ақтөбе облыстарының тұрғындары құрықталды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова