Каспий теңізінің маңында жер сілкінісі болды

Каспий теңізінің маңында жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жерасты дүмпулер сейсмикалық станцияларда 23 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да тіркелген. 

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 1913 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9,6. MPV магнитудасы - 4,4", - делінген хабарламада. 

Қазақстанда жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат жоқ. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!