Мас адамды білемін, масс-медиа дегенді бірінші рет естіп тұрмын – депутат

Мас адамды білемін, масс-медиа дегенді бірінші рет естіп тұрмын – депутат
Фото: parlam.kz/Жумабеков Жаслан

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Самат Мусабаев сұрақ қоямын деп күлкіге қалды, - деп хабарлады Massaget.kz тілшісі.

Бүгін отырыста "Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" заң бірінші оқылымда талқыланды.

Жиында депутат Самат Мусабаев сұрақ қоямын деп күлкіге қалды.

"Масс-медиа деген сөздің мағынасы қандай? Мас адам дегенді білуші едік. Масс медиа дегенді бірінші рет естіп отырмын", - деді ол.

Мәжіліс депутаттары әріптесінің сұрағына күлді.

Аяз Есен

А. Жапатова