СҚО-да су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан адам жазаланды

СҚО-да полицейлер жалған ақпарат таратқан петропавлдықты жауапқа тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

21 сәуірде полицейлер Instagram желісінде Сергеев су қоймасы көрсетілген видеоны анықтады. Видеода қоймадағы су арнасынан 4 метрге асып төгілгені айтылған.

"Шын мәнінде бұл қоймадағы судың биіктігі әлдеқайда азайған. Осылайша, автор судың шынайы деңгейін бұрмалап, жалған ақпарат таратқан. Ол 25 жастағы петропавлдық болып шықты", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Оның сөзінше, бұл ақпаратты сол жерде видео контент түсіріп жатқан бейтаныс адамның сөздерінен естіген. Қала тұрғыны өз кінәсін мойындады.

Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабына сәйкес жеке тұлғалар үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделгенін еске салады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!