"Жел ұшырып әкеткен". Балқашта жоғалған балықшы табылды

Балқашта жоғалған балықшы табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап. 

Кеше Жетісу облысы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен балықшыны Балқаш көлі Борлы шығанағында тауып алды.

Ер адамды қайықпен балық аулау кезінде күшейген жел қамыс арасына ұшырып әкеткен.

Құтқарушылар балықшыны Лепсі ауылына жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!