Алматыда педофил болуы мүмкін адам ұсталды

Алматыда жасөспірім қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрғындардың сөзінше, 20 сәуірде қаладағы тұрғын үй кешенінің бірінің паркингінде 13 жасар қыз зорланған болуы мүмкін.

Алматы полициясы бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жай анықталып жатыр", - деді полиция.

Еске салайық, бұған дейін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы мен ілеспе құжатты екінші оқылымда мақұлдады.

Заңның мақсаты - әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу. Енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысы барларды ауыр жаза күтеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!