Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқандар, зардап шеккендер бар

Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқандар, зардап шеккендер бар
Фото: Lada.kz

Жаңаөзендегі тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды. Алдын ала мәліметтер бойынша көлік жолдан шығып, аударылып кеткен. Бұл туралы өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, жедел жәрдемге шақырту 21 сәуірде сағат 17:43-те түскен.

"Шақыруға екі жедел жәрдем бригадасы келді. Олар бір жәбірленушіні Жаңаөзен ауруханасына жатқызды. Оқиға салдарынан екі адам алған жарақаттарынан қаза тапты. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілген кезде қайтыс болды", - деді басқарманың баспасөз қызметі өкілі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова