Қазақстанға тағы бір ел гуманитарлық көмек жіберді

Қазақстанға Тәжікстан гуманитарлық көмек жіберді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2024 жылғы 20 сәуірде Сарыағаш қаласында су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына гуманитарлық көмек беру рәсімі өткен. 

Жиналғандар алдында ТЖК басшысы, милиция генерал-полковнигі Р. Назарзода сөз сөйлеген. Өз сөзінде ол бауырлас қазақ халқына көмек Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның тікелей тапсырмасы бойынша көрсетілгенін атап өтті. 

Қазақстан Республикасы ТЖМ Министрінің бірінші орынбасары және облыс басшысы тәжік халқына қазақ халқына осындай қиын уақытта көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Азық-түлік, ауыз су, құрылыс материалдары мен үйлердің шатырларын қамтитын гуманитарлық көмек Душанбе мен Худжандтан жалпы салмағы 3,5 мың тонна 61 вагон мен 13 жүк көлігі жіберілді. 

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан және Қырғызстан су тасқынына байланысты елімізге гуманитарлық көмек жіберген болатын.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз