Шымкентте көшенің қақ ортасында көліктің түгі қалмай өртеніп кетті

Шымкентте BMW маркалы көлігі көшенің қақ ортасында өртеніп кетті. Көлік Назарбаев пен Шаяхметов көшелерінің қиылысына жақындағаны сол жақтағы капот астынан өрт шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша көлік тізгінінде әйел адам болған. Ол жанып жатқан көлік ішінен шығып үлгерген.

Көлікті сөндіруге қалалық ТЖД 12 сөндірушісі мен екі техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнына дереу жеткен өртсөндірушілер қызыл жалынмен күресуге барлық күш-жігерін жұмсағанымен, көлік түгел өртеніп кеткен.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Шығын сомасы мен өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Алдын ала болжам бойынша көлік қысқа тұйықталу салдарынан өртенген болуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!