"Қорқамын". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі тағы бір шындықтың бетін ашты

"Қорқамын". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі тағы бір шындықтың бетін ашты
Фото: © Tengrinews.kz 2024. Турар Казангапов / Әлеуметтік желі

Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желідегі парақшасында айыпталушыға қатысты оқырмандарының бірнеше сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуінің тыйым салынған заттарды қолданғанын көрмегенін жазды.

"Мен оның тыйым салынған заттарды қолданғанын көрген емеспін", - деп жазған ол.

Сонымен қатар, ол күйеуі жас кезінде де абьюзер болғанын айтты.

"Соңғы 10 жыл ішінде оның абьюзерлік қасиеті арта түсті", - деді ол.

Ол бұрынғы күйеуінің адам өлтіргеніне қатты таңғалып, шок болғанын жасырмады. 

"Таңғалдырды! Әрине, соңғы кездері оның мінез-құлқына қарап, алаңдадым. Іштей жаман ойлап, тіпті құрбыларыма бұл ісінің аяғы жаман болатынын айтып жүрдім. Бірақ ол жас әйелін өлтіреді дегенді мүлде ойламаппын", - деді ол. 

Назым Қаһарман балалары әкесінің адам өлтірді деген күдікке ілінгенін білетінін жеткізді.

"Мен ажырасу кезінде де, қазір де балалармен мүмкіндігінше адал болдым. Бұл оларға еркіндік береді. Олар анасы немесе әкесін құтқаруға тырыспайды, өтірікке қызмет етпейді, өздеріне алаңдаушылық туғызбайды және өздерін кінәламайды. Маған осындай адам олардың әкесі болғандықтан, оларға күш беріп, мейірімді, тәуелсіз болып өсуі үшін берілгенін білдіреді деген сөз көп көмектесті, өйткені былтыр жазда балалар өздері әкесімен қарым-қатынасты азайта бастады және бұл олардың таңдауы болды", - деді ол.

Оған қоса, ол өзінің қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жасырмады. 

"Мен өзім де алаңдаймын, қорқамын. Дегенмен мен өзімді де, балаларымды да ешкімге ренжітуге жол бермейтінімді білемін. Мен мұндай ашықтық үлкен қорғаныс екенін түсіндім", - дейді Назым Қаһарман. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Мәшһүр Жүсіп және қазақтың мақал-мәтелдері. Реферат

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә