"Көйлегінің өзі - 3,1 миллион, сырғасы - 7,5 миллион теңге". Баян Мақсатқызының бір күндік образы қанша тұрады?

"Көйлегінің өзі - 3,1 миллион, сырғасы - 7,5 миллион теңге". Баян Мақсатқызының бір күндік образы қанша тұрады?
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Жансая Махабаева есімді блогер, жеке кәсіпкер Баян Мақсатқызының бір күндік образы қанша тұратынын есептеп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогер есептеген сома айтарлықтай көлемде шықты. 

"Баян Алагөзованың мына образы қанша теңге тұрады деп ойлайсыз?

Үстіне киген көйлегінің өзі - Dior брендінен 3,1 миллион теңге.
Ал туфлиі - Jimmy Choo брендінен 450 мың теңге. 
Сөмкесі - Dolce&Gabbana 1,5 миллион теңге.

Ал енді қыздар, өз-өздеріңізді ұстаңыздар, өйткені қазір шок боласыздар.
Мына алқа - Magic Alhambra топтамасынан 18 караттық ақ алтыннан жасалған, толық гауһар таспен апталған, бағасы - 97 миллион теңге.
Сырғасы - да дәл осы топтамадан, толық гауһар таспен апталған, бағасы - 7,5 миллион теңге. 

Сонымен, барлығы - 109 миллион 550 мың теңге", - дейді блогер. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Түсіңде гүл көру нені білдіреді?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә