Қазақстанның оңтүстігіндегі табиғи резерватта өрт шықты

Қазақстанның оңтүстігіндегі табиғи резерватта өрт шықты
Фото: ТЖМ

Балқаш ауданы "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты" РММ аумағында қурап қалған ағаш пен қамыстың өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖ министрлігінің мәліметінше, "Қазавиақұтқару" қызметкерлері 159 тонна су қолданған. Өрттің алдын ала ауданы 18 гектарға тең.

Фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ елді мекендерге қауіп жоқ деп сендірді. Сонымен қатар, өрт ошақтарын сөндіру қиын батпақты жерлермен және бағыты үнемі өзгеріп отыратын қатты желге байланысты қиындайды.

Фото: ҚР ТЖМ

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә