Дәрігер ең пайдалы көкөністі атады

Дәрігер ең пайдалы көкөністі атады
Фото: ru.freepik.com

Ең пайдалы көкөніс - брокколи. Бұл жайлы "Газета.Ru"-ге гастроэнтеролог Дарья Утюмова айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бұл өнімнің 100 грамында шамамен С және К дәруменінің тәуліктік нормасы бар. С дәрумені жүйке жүйесінің қызметін реттейді, сонымен қатар эндокриндік бездердің қызметін белсендіреді. Ол сондай-ақ күйзеліске төзімділікті қалыптастыруға қатысады, өйткені ол - күшті антиоксидант және ағзадағы медиаторлар синтезінің реттеушісі. Антиоксиданттық қасиеттеріне байланысты С дәрумені иммундық жүйенің жұмысына да көмектеседі", - дейді гастроэнтеролог.

К дәрумені қанның ұюы және сүйек тінін нығайту үшін қажет — бұл олардың тығыздығын арттырады, қатайтады және осылайша сыну қаупін азайтады. Сондай-ақ, қырыққабаттың бұл түріндегі кальций мен магний сүйек тінін қалыптастыру үшін қажет.

"Брокколиде жасұнық көп, сондықтан ол ағзаны қанықтырады және асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ брокколи - лютеиннің көзі: бұл өсімдік пигменті көздің және капиллярлардың саулығы үшін маңызды. Брокколи құрамында көру өткірлігіне жауап беретін, көздің жарыққа сезімталдығын арттыратын каротиноидтар бар. Дәл осы заттар жас ұлғая келе көздің тор қабығын бұзатын бос радикалдардың әсерін бейтараптандыруға көмектеседі", - деп қорытындылады маман.

А. Жапатова