Қандай мамандық өкілдері жиі уролог пен сексолог көмегіне жүгінеді?

Қандай мамандық өкілдері жиі уролог пен сексолог көмегіне жүгінеді?
Фото: ru.freepik.com

Уролог және андролог Александр Лубенников өзінің телеграм-каналында басқаларға қарағанда ерлер денсаулығына қатысты проблемасы жиі кездесетін мамандық өкілдерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өзінің медициналық тәжірибесіне сүйеніп, дәрігер оның кабинетінде жиі IT-мамандары, көлік жүргізушілері, кеңсе қызметкерлері, кәсіпкерлер және үлкен бизнес иелері болатынын айтты.

"Алғашқы үш мамандықты аз қозғалысты өмір салты, гиподинамия, артық салмақ біріктіреді. Бұл себептер қуықасты безі ауруларының, қан тамырлардың, соның ішінде жыныстық мүше қан тамырларының нашар жұмысына әкелуі мүмкін", - деп тсіндірді дәрігер.

Ал кәсіпкерлер мен үлкен бизнес иелеріне келетін болса, дәрігердің айтуынша, оларды созылма күйзеліс, кортизол деңгейінің үнемі жоғары болуы, симпатикалық жүйке жүйесінің тонусы біріктіреді. 

"Денсаулық та жұмыс секілді жеке инвестицияны, яғни еңбек пен демалысты ұйымдастыру, физикалық белсенділік және дене массасын бақылауды қажет етеді", - дейді уролог.

Оқи отырыңыз: Простата обырын көрсететін ер адам ағзасындағы 6 өзгеріс

А. Жапатова