ШҚО-да екі адам қайықтан құлап кеткен

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында қайықтан құлап кеткен 2 адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға Алтай ауданындағы Зайчиха шатқалының маңында болған.

"Екі адам Малеев көпірі маңындағы шағын өзенде қайықпен жүзіп жүрген. Кенет қайық аударылып, олар құлап кетті. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің құтқарушылары мұны байқап, дереу көмекке ұмтылды. Азаматтарды судан шығарып, жағаға жеткізді", - делінген ақпаратта.

59 және 56 жастағы ер адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!