Темір дулығамен суретке түскісі келген қызылордалық күтпеген оқиғаға тап болды

Темір дулығамен суретке түскісі келген қызылордалық күтпеген оқиғаға тап болды
Фото: ҚР ТЖМ

Қызылордалық құтқарушылар азаматтың басынан темір дулығаны шешіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Белгілі болғандай, Қызылорда қаласындағы Саяхат шағын ауданының тұрғынынан үйіндегі қонақтың басынан темір дулыға (шлем) шешілмей жатқандығы туралы хабарлама түскен.

"Тұрғынның досы суретке түспекші болып, темір дулығаны басына кигенімен, басынан шеше алмай қалған. Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен азаматтың басына зиян тигізбей, дулығаны шешіп алды", — делінген хабарламада.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы