Алматы тауларында үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен

Алматы тауларында үш адам із-түзсіз жоғалып кеткен
Фото: Tengrinews.kz

Алматы облысында бір күн бұрын екі ересек адам мен бір бала күндіз Малайсары асуына саңырауқұлақ теруге шығып, үйлеріне оралмаған. Олардың танысы құтқарушылардан көмек сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 сәуірде сағат 20:35-те Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы және кинологиялық есебі Алматы облысына туристерді іздеуге шықты. 

"21 сәуірде түнгі 1:12-де құтқарушылар саңырауқұлақ терушілерді тапты, олар медициналық көмекті қажет етпеді. Таңғы сағат 6 шамасында құтқарушылар оларды тас жолға дейін жеткізiп, көлікпен келген өтініш иесіне тапсырды", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы