"Кек алушылар". Бишімбаев ісіне қатысушыларды суперқаһармандармен салыстырды

"Кек алушылар". Бишімбаев ісіне қатысушыларды суперқаһармандармен салыстырды
Фото: соттың баспасөз қызметі

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде талқыланып жатыр. Әлеуметтік желілерде болып жатқан сот отырыстарына қатысты түрлі жаңа трендтер мен видеороликтер шығып жатыр. Жақында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірді деп айыптаушы сот қатысушыларын Marvel кейіпкерлерімен салыстырған роликтер пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде сот процесіне қатысушыларды Marvel кейіпкерлерімен салыстырған роликтер пайда болды. Мысалы, сондай роликтердің бірінде автор Дамир Ишмаметовты Халкпен, Игорь Вранчевті Темір адаммен, Жанна Уразбахованы Ғажайып әйелмен, Алия Омарованы Қара жесірмен салыстырады. Ал Салтанат Нүкенованың ағасы - Айтбекті Торға теңеді.

Қазақстандықтар мемлекеттік айыптаушылар жайлы да ұмытпады. Айжан Аймағанованы Супергерлмен, ал прокурор Саяхат Нұрбековты Капитан Америка кейпінде елестетті. 

@latisha_2019 #засправедливость #адвокат #прокурор #бишимбаевубийца ♬ Avengers Theme (From "Infinity War")[Epic Remix] - Sound Market

Мұндай идея желі қооданушыларына ұнады және олар шынымен де ұқсастық байқағанын айтып таңғалды.

А. Жапатова