Көлік тізгінінде отырып, анасының аяғын уқалаған Сәкен Майғазиевтің інісі көпті тәнті етті

Желі қолданушыларын көлік тізгінінде отырып, анасының аяғын уқалаған Сәкен Майғазиевтің інісі тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Кадрлардан көлік тізгіндеп отырған ер адамның анасының аяғын уқалап отырғанын көруге болады. 

"Анамның сүт кенжесі Тәкен інім көлік тізгінінде келе жатып, анамның аяғын уқалап отыр. Баршамызға аналарымыздың разылығына бөленуді жазсын. Қасиетті жұма күні тілеген тілектер қабыл болсын, жақсыларым!" - деп жазған әнші. 

Желі қолданушылары бұған тәнті болып, жылы лебіздерін білдірген. 

"Қандай керемет! Аналар үлкейгенде бәрі осындай құрмет көрсе ғой, өзім осылай қартаюды армандаймын", "Керемет, Сәкен. Ананы алақанға салуды сізден уйренсін қазақтың азаматтары", "Бұның барлығы ата-ананың дұрыс тәрбие бергендігінде. Текті ата анасын Сәкен ағамыздай қадірлейтін ұрпақтарымыз көп болсын", "Апамның жолын жасын берсін Алла", Бұл да бір алланың берген бағы ғой", "Сакен аға осылай анаңызға жасаған әр бір жақсылығыңыз оқырмандарға үлгі ғой", - деп жазған олар.

Тағы да оқи отырыңыздар: Қазақстанда қанша миллиардер бар?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз