Ақмола облысында су тасқыны қаупі сейілді - ТЖМ

Ақмола облысында су тасқыны қаупі сейілді - ТЖМ
Фото: тжм

Ақмола облысында су тасқыны қаупі сейілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

"Бірлескен жұмыстың нәтижесінде 95 елді мекенде екі мың тұрғын үйді су басуына жол берілмеді, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залал барынша азайтылды. Облыстағы елді мекендерді қорғау үшін ұзындығы 45 шақырым жер үйінділерімен 300 мыңға жуық инертті материал салынған қаптар дайындалды", - делінген хабарламада.

Бүгін Атбасар қаласында су тасқынын жоюға қатысушыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өткені айтылды.

 Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан