Желіде Атырау әкімі кенеттен қайтыс болғаны туралы фейк тарады

Төтенше жағдайлар жөніндегі штабтың фейк парақшасында Атырау әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Атырау әкімі жедел штаб отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады.

"Төтенше жағдай аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын тағы бір рет еске саламыз, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары тиісті шараларды қабылдау үшін Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың фейк парақшасы иесін іздестіріп жатыр", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз