Орал тұрғыны сапасыз смартфон үшін 100 мың теңге өндіріп алды

Орал тұрғыны сапасыз смартфон үшін 100 мың теңге өндіріп алды
Фото: © elements.envato.com

Орал тұрғыны сапасыз смартфон үшін 100 мың теңге моральдық өтемақы өндіріп алды. Ер адам гаджетті несиеге сатып алған, бірақ бірнеше айдан кейін ол істен шыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" сайтына сілтеме жасап.

Сатып алушы қызмет көрсету орталығына хабарласып, өнімде өндірістік ақау бар деген қорытынды шығарылады. 209 мың теңгеге сатып алған телефонды сатушыға қайтаруды ұйғарғанда, ол жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұсынған.

"Тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаға сәйкес, сатып алушы тауарды ауыстыруға, қолма-қол ақшаны қайтаруға немесе дүкен есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізуге құқылы. Бұл жағдайда ақауы бар тауарды қайтарып, ақшаны алу туралы шешім қабылданды. Бірақ сатушыға мәселені шешуге бірнеше рет жүгіну нәтиже бермеді. Сатушы тауарды жөндеу туралы шешім қабылдап, ақшаны қайтару мәселесін қараудан үзілді-кесілді бас тартқан. Келіспей, ер адам сотқа жүгінді", - деді БҚО сауда және тұтынушылардың құқықтары департаменті өкілдері.

Сот шешімі бойынша, дүкен енді сатып алушыға моральдық шығын ретінде 209 мың теңге және 100 000 теңге көлемінде телефон құнын өтеуі тиіс. Сатушы бұл шешіммен келіспей, облыстық сатыға шағымданбақ.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан