Дәрігер кәуаптың күйген қабықшасы денсаулыққа несімен қауіпті екенін айтты

Кәуаптың кішкене күйіп піскенін ұнататын адамдар баршылық. Алайда ол денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін. Бұл туралы жалпы практика дәрігері Мария Беляева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Подмосковье сегодня" сілтеме жасап.

Оның сөзінше, етті шамадан тыс қуырып, күйдіріп жеу де, толық пісірмей, жартылай шикі күйінде жеу де денсаулыққа зиян. Өйткені бірінші жағдайда канцерогендер, екінші жағдайда паразиттер қауіп төндіреді. 

"Егер кәуапта күйген қабықша пайда болса, оны алып тастау керек, өйткені оның құрамында қатерлі ісік тудыратын канцерогендер болуы мүмкін. Бірақ етті толық пісірмей, жартылай шикі күйде де тұтынуға болмайды, әйтпесе одан құрт тауып алуыңыз ықтимал", - деді маман. 

Дәрігер кез келген нәрсенің өлшемін білу керегін еске салды. Тағам құрамында майдың көптігі метаболизмге және қан тамырларға зиян, ал асқазан-ішек жолдарының аурулары бар адамдар үшін қауіпті.

"Пісіру үшін мейлінше майлы емес ет, құс немесе балықты таңдаған дұрыс. Сондай-ақ, тұздықтар мен дәмдеуіштердің артық мөлшерінің зиян екенін есте сақтау керек. Кәуапты көптеген шөп пен көкөніспен тұтынған дұрыс", - деп түйіндеді сарапшы.

Тағы да оқи отырыңыздар: Жинақталған көмірқышқыл газын дистилденген суда ерітіп, көк лакмус тамызатын болсақ, түсі қалай өзгереді?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!