Алдын ала дайындалған: ШҚО-да екі адам 94 миллион теңгені қолды еткен

Алдын ала дайындалған: ШҚО-да екі адам 94 миллион теңгені қолды еткен
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

ШҚО полициясы 94 миллион теңгенің ұрлығын ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, 5 сәуірде Өскемен полициясына ұрлық туралы хабар түскен.

Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреулер кеңседегі сейфті бұзып, 94 миллион теңгені ұрлап кеткен.

Күдіктілер қылмыс орнынан қашу жолын алдын ала дайындап, өзенге жетіп, үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына өткені анықталды.

Бірнеше күннен кейін полицейлер 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар қамауға алынды. Қайық пен ұрланған ақша олардың тұрғылықты жерінен тәркіленді. Қосымша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова