ШҚО-да малға түлкі шауып жатыр

ШҚО-да малға түлкі шауып жатыр
Фото: elements.envato.com

ШҚО-да жыл басынан бері екі құтырма дерегі тіркелді. Мамандар эпизоотологиялық тексеріс жүргізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Құтырма Алтай және Үлкен Нарын аудандарындағы екі шаруа қожалығында анықталды.

"Наурыздың басында Мало Нарым ауылдық округіндегі "Селигер" шаруа қожалығында сиырға түлкі шапқан. Зерттеу нәтижелері бойынша құтыру расталды. Осындай жағдай Алтай ауданының Полянка ауылдық округіндегі "Мойылды - Байқоңыр" ЖШС-де болды", - деді ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, шаруашылықта қажет іс-шаралар, соның ішінде мал басын егу, мал ұстауға арналған үй-жайларды дезинфекциялау жүргізіледі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова