Астанада шетелге заңсыз алтын әкетпек болғандар ұсталды

Елорда әуежайында 400 миллион теңге мен алтын құймаларды заңсыз сыртқа шығару әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың басынан бері жалпы құны 400 миллион теңгеден аса валютаны заңсыз әкетудің 22 дерегі тіркелген.

Жыл басында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Астана - Ыстамбұл халықаралық рейсін кедендік бақылау кезінде Қазақстан Республикасының азаматы 74 миллион теңгеден аса сомаға шетелдік валютаны заңсыз әкетпек болған.

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне қылмыстық құқықбұзушылық белгілерімен 172 миллион теңгеден аса сомаға 3 материал, әкімшілік құқықбұзушылық белгілерімен 281 миллион теңгеге 19 дерек түскен, ал айыппұл сомасы 664 560 теңге болады.

Сонымен қатар, жалпы салмағы 433 грамм алтын құймаларын және жалпы салмағы 3000 грамм коллекциялық монеталарды (құны 70 миллион теңгеден аса ) заңсыз әкету бойынша заңбұзушылық анықталған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!