Астанада жылу беру қашан тоқтатылады?

Астанада жылу беру қашан тоқтатылады?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Астана әкімдігі жылу беру маусымының аяқталғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ауа райының қолайлы болуына байланысты қала әкімдігі жылыту маусымын 19 сәуірде аяқтау туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Астанада күн жылыды. Бүгін күндіз ауа температурасы 24 градусқа жетті. Түнде ауа температурасы 9 градустан төмен түспейді.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш күнде бұлтты болып, секундына 3-8 метр шамалы жел соғады. Күндіз 23-25 ​​градус, түнде 5-7 градус жылы.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек