Атырауға топан су нақты қай күні келетіні белгілі болды

Атырауға топан су нақты қай күні келетіні белгілі болды
Фото: massaget.kz

Атырауға топан су нақты қай күні келетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті. 

"Өңірге өр суы бұдан бұрын айтылғандай 20-25 сәуір емес, 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында келуі мүмкін. Сала мамандарының сан түрлі пікірін сараптай келе осындай болжамға келіп отырмыз.

Иреклі су қоймасынан ағып келе жатқан судың Қазақстан-Ресей шекарасындағы үлкен жайылмаларға құйылуы оның алғашқы жылдамдығын азайтқан. Енді өр суы өңірге бес күн немесе бір апта кешігіп келеді деп күтілуде", - деді Жасұлан Орақұлы брифинг барысында.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина