Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адам Алматы облысында өлі табылды

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында бір ай бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Lider.kz еріктілері айтты, ақпаратты полиция растады. 

1967 жылы туған Дәурен Жапарбаев 27 наурызда жоғалып кеткен. 

Еріктілердің сөзінше, ер адам Алматы облысында өлі табылған. 

"Алматы облысындағы Қарасай ауданында табылды. Жүрегі тоқтап қалған", - дейді ПД өкілдері. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!