"Өліп қалған бала тудым" деп ойладым". Мөлдір Әуелбекова қызына жүкті кезінде Даун синдромы диагнозы қойылғанын айтты

"Өліп қалған бала тудым" деп ойладым". Мөлдір Әуелбекова қызына жүкті кезінде Даун синдромы диагнозы қойылғанын айтты
Фото: "Мамский әңгіме"

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова "Мамский әңгіме" бағдарламасына берген сұхбатында қызына жүкті кезінде, оған Даун синдромы диагнозы қойылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші дәрігерлер қызына Даун синдромын қойғаннан кейін, амалсыз іштей дайындалып жүргенін жеткізді.

"Екінші жүктілігімде скринингтан өткен кезде маған дәрігерлер баланы Даун синдромына шалдыққан, түсік тастау керегін айтты. Мен одан бас тарттым. Даун синдромы диагнозын қойып берген соң, мен жәй ғана іштей дайындалып жүрдім. Сөйтіп мен күні-түні жылап дұға етіп, алладан сұрай бердім, арқасында сау қыз тудым. Қызымды босанатын кезде де қызық оқиға болды. Босанатын кезде мен басқа дәрігерге бардым, ол мені "сау бала туасың, даун синдромы жок" деп сендірді. Босанардан үш сағат бұрын құрма жеп, арнайы дұғаларын оқып, дайындалдым. Мен қызымды күшенбей тудым. Дәрігерім маған "күшенбе" деп айтты, ал менің жаным қиналып, қатты жылап жатырмын, "шыдай алмаймын" деп айғайладым. Сөйтсем "күшенбе" деп айтуының себебі, қызымның мойын айналасында кіндік алты рет оралған екен. Қызымды өте ұзақ босандым. Босанғаннан кейін қарасам, сәби көкпеңбек, мен "өліп қалған бала тудым" деп ойладым. "Балаға не болды?" деп бүкіл бөлмеге байбалам салдым. Баланың түрін көріп, менің үмітім үзілді. Оның үстіне мен баланың мойнында бірнәрсенің оралып тұрғанын көріп тұрмын ғой, сосын дәрігер қызымды алып, мойнындағы кіндікті шешті де, көтенінен бір ұрды. Қызым шыр ете қалды. Қызымды қойныма жатқызған кезде маған әлемде ешнәрсе керек емес болып қалды. Бұған дейінгі басымнан өткергеннің түкке тұрғысыз екенін түсіндім", - деді әнші. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Астаналық ардагерлерге қанша теңге беріледі?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә