"Бишімбаев екеуінің ортақ ұлы бар". Назым Қаһарман кезекті сот отырысында белгілі болған ақпаратқа қатысты пікір білдірді

"Бишімбаев екеуінің ортақ ұлы бар". Назым Қаһарман кезекті сот отырысында белгілі болған ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Фото: © Tengrinews.kz 2024. Турар Казангапов / Әлеуметтік желі

Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман кезекті сот отырысында белгілі болған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

18 сәуірдегі сот отырысында Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина жәбірленушімен хат алмасуын оқыған болатын. Оның айтуынша, айыпталушы түнімен ұйықтамайды. Назым Қаһармен да бұл деректі растады. 

"Ол әрдайым аз ұйықтайтын. Бұл Салтанатты ұстап тұруға көмектескен негізгі қармақ болған. Мына хабарламада адам өзін кінәлі сезінетіні, әдептілік анық көрсетілген. Көмектесуге деген тілек, аңғырттық және оған деген аяушылық. Жәбірленушінің барлық жақсы қасиеті оның өзіне қарсы қолданылып жатыр. 

Аяуды тоқтау керек, серіктесіңізге деген аяушылықты өзіңізге бағыттаңыз. Серіктесіңізді құтқаруды тоқтатыңыз, одан өзіңізді құтқаруды бастаңыз. Оған көмектесуге болады, бірақ құтқара алмайсыз. Манипуляторды емес, өзіңізді тыңдап, сену керек. Ол өзгереді деп үмінттену құр бекер. Мен қанша жыл күттім. Тек нашарлай берді. Ең алдымен өзің үшін жақсы болу маңыздырақ", - деп жазған ол.

Сонымен қатар, Назым Қаһарман өзіне бұрынғы күйеуі баланы қағып өлтіргеніне қатысты көп сұрақ қойылып жатқанын айтты. 

"Сөз, сөз, сөз. Құр сөзден, әрекет маңыздырақ. Мен адамды оның іс-әрекеті көріктендіреді деп санаймын, әйтпесе кез келген сөзді айтуға болады. 

Бишімбаев баланы қағып өлтіргеніне қатысты көп сұрақ қойылды, мен хабарсызбын. Оның бірінші әйелі, ажырасу процесіне қатысты сұрақтарды маған емес, өздеріне қойсаңыздар деймін. Мен көзіммен көрген жоқпын. Мен тұл ер адамға емес, ажырасқан адамға тұрмысқа шыққанымды білемін. Олардың ортақ ұлы бар, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін "Құсқымыз келеді". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балалары неліктен әкесінің ата-анасымен араласпайтынын түсіндіргені хабарланған болатын. 

Тағы да оқи отырыңыздар: Металды өндіру барысында оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін сипаттаңыз

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә