Тоқаев Қырғызстан президенті Жапаровты қалай қарсы алды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!