Кімдерге аш қарынға жемістер жеуге болмайды?

Кімдерге аш қарынға жемістер жеуге болмайды?
Фото: pixabay.com

Жемістерді аш қарынға жеуге қатысты пікірлер бұрыннан екіге бөлінеді: бір мамандар ол зиян десе, басқалары онымен келіспейді. Нутрициолог Анна Белоусова "Radiosputnik"-ке кімдерге аш қарынға жеміс жеуге болмайтынын, ал кімдер кез келген уақытта жей алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нутрициолог Анна Белоусова сау адам жемістерді кез келген уақытта, соның ішінде аш қарынға жей алатынын айтты.

"Жемістерді аш қарынға жеуге болмайды деген - кезекті қауесет. Егер түрлі халықтағы тарихи және мәдени дәстүрге қарайтын болсақ, кей елдерде аш қарынға жемістерді жей беретінін көруге болады. Сау адам жемістерді кез келген уақытта - аш қарынға, тамақтанар алдында және тамақтанғаннан кейін жей беруіне болады. Тек ананаспен абай болу керек: ол аш қарынға асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін. Ананаста ақуызды ыдырататын ферменттер көп, сондықтан оны тамақпен бірге немесе тамақтан соң жеген дұрыс. Сол кезде ол ас қорытуға көмектеседі", - дейді маман.

Бірақ ол асқазан-ішек жолы ауруларының асқынған кезінде жемістерді рационнан алып тастау керегін ескертті.

"Егер адамда асқынған асқазан, аш ішек немесе жіңішке ішек ауруы болса, барынша жұмсақ диета ұстау керек болса, жемістерді уақытша рационнан ала тұру керек. Сондай-ақ мен жоғары қышқылдылықпен байланысты гастрит немесе ойық жара ауруы бар (асқынбаған күйінде де) адамдарға аш қарынға қышқыл жемістер мен жидектер жеуге кеңес бермес едім", - деді Анна Белоусова.

Маман бананды, керісінше, жоғары қышқылдылық кезінде аш қарынға жеуді ұсынды.

"Банан - крахмалды өнім. Гастроэнтерологияда және диетологияда оны асқазан немесе аш ішек ауруы бар кезде аш қарынға жеуге кеңес береді. Банан өзінің крахмалдылығымен артық қышқылдылықты басады", - дейді нутрициолог.

Оқи отырыңыз: Аш қарынға су ішудің 9 пайдасы

А. Жапатова