59 басшы ұсталған: Антикор жемқорлық жөнінде есеп берді

Антикор биылғы қылмыстар бойынша есеп берді. Сонымен қатар, су тасқынын жою бойынша бюджет қаражатын бөлуде мониторинг жүргізу мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 69 талдау мен мониторинг жүргізген, жемқорлықты жою бойынша 565 ұсыным мен ұсыныс енгізілген.

Жемқорлыққа қарсы еріктілер 17 миллиард теңгеден аса қаражатты негізсіз пайдалануға жол бермеді.

"Биыл 1 тоқсанда 43 проблемалық кейс бойынша 5 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 488 қылмыстық құқықбұзушылықты тіркеді. Сыбайлас жемқорлық жасауда 296 адам әшкереленді, оның 59-ы - әртүрлі деңгейдегі басшылар", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша 188 миллиард теңгеден аса шығын өтелді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!