Абай облысында ірі көлемдегі қарызынан жалтарған адам ұсталды

Абай облысында ірі көлемдегі қарызынан жалтарған адам ұсталды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Абай облысының полицейлері жол апатынан кейін келтірілген залалды өтеуден жалтарған борышкерді іздеп тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Абай облысының көші-қон қызметіне жеке сот орындаушысынан борышкерді іздеу туралы материал түскен. Ол ұзақ уақыт бойы 1,4 миллион теңгеден аса борышын өтеуден жалтарған Семей қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты.

Көші-қон қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді. Полиция борышкерді тауып, сот орындаушысына тапсырды.

Абай облысы Полиция департаменті атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова