Жайық жағасындағы жағдай тікелей эфир арқылы көрсетілді

Атырау облысында су деңгейі мен су тас тасқынына қарсы іс-шараларды онлайн бақылау үшін Жайық жағалауы тікелей эфир арқылы көрсетіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап. 

Онлайн көрсетілім GOV.KZ сайтында барлық тұрғын үшін қолжетімді. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде "Атырау шағынауданын су басты, қалаға кіріп жатыр" деген фейк тараған болатын. Енді тұрғындар ақпаратқа көз жеткізу үшін картадан қалаған учаскені қарай алады. 

Камералар Индербор кентінің көпірінен бастап, Махамбет көпірі, Сарайшық, Алмалы шағынаудандарында және қаланың қала маңындағы елді мекедерде Дамбаға дейін қолжетімді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз