Қолайсыз метеорологиялық жағдай: синоптиктер ескерту жасады

Қазгидромет Алматы және тағы бір қала тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2024 жылдың 18 сәуірінде Алматы қаласында, түнде Атырауда ауа ластануының салдарынан қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Синоптиктер сондай-ақ 18 сәуірге арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"Республиканың көп бөлігіне жауын-шашынсыз ауа-райы күтілетін кең антициклон әсер етеді, тек елдің солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен найзағаймен жауын-шашын сақталады. ҚР бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі", - деді метеорологтар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!